Алматыда бойжеткеннің үстіне аялдама шынысы құлады
© Фото: zakon.kz
Алматылық бойжеткеннің үстіне автобус күтіп тұрған кезде аялдаманың шынысы саудырап құлап түскен. Бұл туралы ол 2026 жылғы 4 қарашада Threads желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бойжеткен аталған оқыс жағдайдың Мақатаев (Назарбаев) көшесінде болғанын нақтылайды.
"Сағат 13:50-13:55 шамасында мен аялдама орындығында автобус күтіп отырғанмын, осы кезде үстіме артымдағы шыны саудырап құлап түсті! Үстімде қалың күртешемнің болғаны жақсы болды. Мұндай бассыздыққа кім жауап береді? Шыныларды мықтап бекітуге болмайды ма? Бұл – адам көп жиналатын орын ғой! Егер сол жерде кішкентай бала болса қайтетін еді?", деп ашуланады автор.
Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты үн қатып, RTS инвестор-компаниясымен байланысқандарын жеткізді.
Компанияның мәліметінше, аялдама павильонының зақымданған шынысы ертеңге, яғни 5 қарашаға дейін ауыстырылады.
"Мамандар сол жерде бұл жағдайдың ықтимал себептерін де тексереді. Жұмыстың орындалу барысы бақылауымызда", делінген олардың жауабында.
Смотреть в Threads
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:54, 4 қараша 2026
Астанада балабақшада бір бала екіншісін темір орындықпен ұрған
-
19:33, 4 қараша 2026
Кісі ұрлау, өлтіру: Шымкентте алты адам 20-дан 23 жылға дейін бас бостандығынан айырылды
-
19:16, 4 қараша 2026
«Кейбір қазақстандықтардың шоттары бұғатталуы мүмкін»: МКК мәлімдеме жасады
-
19:02, 4 қараша 2026
Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы жаңадан тағайындалды
-
18:54, 4 қараша 2026
Нұрлыбек Асылбеков денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды





