Бес адамның өмірін қиған жол апатына түрткі жүк көлігінің жүргізушісі бес жылға сотталды
© Сурет: pixabay
Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилер қайғылы ЖКО-ға кінәлі ауыр жүк көлігінің жүргізушісін кінәлі деп тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кінәлі деп танылған ауыр жүк көлігінің жүргізушісі жеңіл көліктердегі бес адамның өмірін қиған жол апатына түрткі болған, деп хабарлады облыс прокуратурасы 2025 жылдың 11 қазанында.
"Іс материалдарына сәйкес, "Volvo FH-Truck" автокөлігінің жүргізушісі "Алматы – Өскемен" тас жолымен келе жатып, ауа райының қолайсыздығы мен көктайғаққа қарамастан көлікті қауіпсіз тоқтату үшін қажетті шаралар қабылдамаған. Салдарынан жүк көлігі жолды жауып, үш жеңіл көлік соқтығысқан. Қайғылы оқиға жеңіл көліктегі бес адамның өмірін қиды", делінген прокуратура хабарламасында.
Ер адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
"Жетісу облысы прокуратурасы азаматтарға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салады, өйткені бұл жол қозғалысына қатысушылардың да, олардың жақындарының да өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігінің кепілі". Жетісу облысының прокуратурасы
Бұған дейін Алматыда жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып кеткенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:55, 13 қыркүйек 2026
Қызметтік этиканы бұзған: Астанада қос полицейдің неге жұмыстан қуылғаны белгілі болды
-
12:41, 13 қыркүйек 2026
Президент Эфиопия Премьер-министрі Абий Ахмедпен кездесті
-
12:25, 13 қыркүйек 2026
Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады
-
11:27, 13 қыркүйек 2026
Алматы облысында тауға шыққан екі жасөспірім құтқарылды
-
10:37, 13 қыркүйек 2026
Отбасы күні: Қазақстанда отбасылық және ұлттық құндылықтар қалай дәріптеледі





