Гайдар Қасенов пен Достанбек Есжанов неге қызметтерінен босатылды

18:24, 21 қыркүйек 2026
MKZ: 1568052

© Сурет: gov.kz

Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Степногорск қаласының әкімі Гайдар Қасенов пен Аршалы ауданының әкімі Достанбек Есжановтың не себепті қызметінен босатылғанын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін облыс әкімі Марат Ахметжановтың өкімімен Қасенов пен Есжановтың атқарып отырған қызметтерінен босатылғаны хабарланған болатын.

"Себебі – басқа жұмысқа ауысуына байланысты", – деп түсіндірді 21 қыркүйекте Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Гайдар Қасенов 2024 жылдың қарашасында Степногорск қаласының әкімі болып тағайындалған. Ал Достанбек Есжанов сол жылдың желтоқсан айынан бері Аршалы ауданының әкімі қызметін атқарып келген.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!