Полиция қызметкерлерінің зейнетақы жүйесі өзгере ме
© Фото: polisia.kz
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха 2026 жылғы 22 қыркүйекте Үкіметтегі брифингте ішкі істер органдары қызметкерлерінің зейнетақымен қамсыздандыру жүйесіне енгізілуі мүмкін өзгерістерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Бұған дейін ішкі істер органдары қызметкерлерінің зейнетақысы енді индекстелмейді деген ақпарат тараған еді.
"Еңбек министрлігі зейнетақы реформасына енгізілуі мүмкін өзгерістерді пысықтады. Соның ішінде ішкі істер органдары қызметкерлерінің зейнетақымен қамсыздандырылуына қатысты заңнамалық өзгерістер де қарастырылды. Біз қазіргі зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі барлық қызметкердің көңілінен шығатынын және олардың жағдайын нашарлатуға болмайтынын айтып, өз ұстанымымызды білдірдік", – деді Игорь Лепеха.
Оның айтуынша, осыдан кейін аталған мәселе күн тәртібінен алынып тасталған.
Бұған дейін Ішкі істер министрлігі Қазақстандағы ең қауіпті жолдарды атаған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:33, 22 қыркүйек 2026
Астанада бейнебақылау камерасы халықаралық іздеудегі адамды «ұстап берді»
-
17:20, 22 қыркүйек 2026
Қызылорда облысында TikTok эфирінде мысықты қинаған ер адам жауапқа тартылды
-
17:11, 22 қыркүйек 2026
Астанада ер адам массаж жасайтын қызды аяусыз зорлады
-
17:05, 22 қыркүйек 2026
Азия ойындары-2026: Қазақстан құрамасы жүзуден жүлдеге бір қадам жетпей қалды
-
17:02, 22 қыркүйек 2026
Google танымал функциялары үшін 207,5 млрд теңге айыппұл төледі





