Алматыда Mercedes бірнеше көлікпен соқтығысып, арыққа аударылды
© Фото: zakon.kz
2026 жылғы 21 қыркүйекте Алматыдағы Шығыс айналма автомобиль жолында (ШААЖ) Mercedes E-Class, Toyota Highlander және Nissan Pathfinder көліктері қатысқан жол апаты болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, үш көлік те солтүстік бағытта қозғалған. Куәгерлердің айтуынша, 2002 жылы туған жас жігіт басқарған Mercedes жүргізушісі көлікті агрессивті жүргізіп, жолақтан жолаққа күрт ауысқан.
Алайда мұндай қозғалыс ұзаққа созылмаған. Бір сәтте Mercedes көліктердің арасындағы орынға сыймай, Toyota Highlander-мен соқтығысқан. Соққыдан кейін екі көліктің де жүргізушісі басқаруды жоғалтқан.
Toyota инерциямен сол бағытта келе жатқан Nissan Pathfinder-ге соғылған. Нәтижесінде үш көлік те жолдан шығып кеткен.
Mercedes жол жиегіндегі арыққа аударылып түсіп, жол бойындағы белгіні қағып кеткен. Ал Toyota мен Nissan да жолдан шығып, арықтан "секіріп өтіп", оның үстінде салбырап қалған.
Жол апатынан Toyota көлігінің жолаушысы зардап шекті. Ол ауруханаға жеткізілді.
Қазір ВОАД-тың солтүстік бағытында бірнеше шақырымға созылған кептеліс пайда болды. Көліктердің өзі жол қозғалысына айтарлықтай кедергі келтіріп тұрған жоқ. Алайда апат салдарын көру үшін тоқтап немесе жылдамдығын бәсеңдеткен жүргізушілер кептелістің пайда болуына себеп болып жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:24, 21 қыркүйек 2026
Гайдар Қасенов пен Достанбек Есжанов неге қызметтерінен босатылды
-
18:21, 21 қыркүйек 2026
«Қазгидромет» 22 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады
-
18:12, 21 қыркүйек 2026
Qazaqstan IGF 2026: Интернетті басқару жөніндегі ұлттық форум Алматыда өтеді
-
17:47, 21 қыркүйек 2026
Тоқаев шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумға көңіл айтты
-
17:26, 21 қыркүйек 2026
Ерлердің бала күтіміне шығуы мен әйелдерге берілетін қолдау өзгеруі мүмкін





