Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық орыс тілі ұйымының бас хатшысын қабылдады
© Сурет: akorda.kz
2026 жылдың 22 қыркүйегінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық орыс тілі ұйымының бас хатшысы Наталья Бочарованы қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, мемлекет басшысы ұйымның гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бағытталған заманауи, беделді әрі тиімді құрылым ретінде қалыптасуы аса өзекті екенін атап өтті.
Әңгімелесу барысында білім, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев бірлескен жобаларды жүзеге асыру кезінде ұйымға мүше барлық елдің мүддесіне тең қараудың маңызына назар аударды.
Президенттің пайымдауынша, тіл саясиландыратын мәселе емес, керісінше, адамдарды біріктіруге және өзара түсіністікке қызмет етуге тиіс.
Наталья Бочарова ұйым қызметіне қолдау көрсеткені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, алдағы даму жоспары туралы мәлімет берді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:33, 22 қыркүйек 2026
Астанада бейнебақылау камерасы халықаралық іздеудегі адамды «ұстап берді»
-
17:20, 22 қыркүйек 2026
Қызылорда облысында TikTok эфирінде мысықты қинаған ер адам жауапқа тартылды
-
17:11, 22 қыркүйек 2026
Астанада ер адам массаж жасайтын қызды аяусыз зорлады
-
17:05, 22 қыркүйек 2026
Азия ойындары-2026: Қазақстан құрамасы жүзуден жүлдеге бір қадам жетпей қалды
-
17:02, 22 қыркүйек 2026
Google танымал функциялары үшін 207,5 млрд теңге айыппұл төледі





