Белгілі қазақстандық агроэксперт тұтқындалды
© Фото: пресс-служба АФМ РК
6 қараша күні белгілі қазақстандық агроэксперт Алмасбек Садырбайдың ұсталғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ҚМА мәліметінше, Агенттіктің Алматы облысы бойынша департаменті облыстық прокуратурамен бірлесіп, "Шаңырақ" қоғамдық бірлестігінің басшысы А. Садырбай аса ірі мөлшерде алаяқтық әрекетін әшкереледі. Ол өзі басқаратын адамдар тобы Балқаш, Еңбекшіқазақ, Кеген, Райымбек және Ұйғыр аудандарында жалған ауыл шаруашылығы кооперативтерін құрды деп күдіктелуде.
"Негізгі мақсат-ұсақ малдың аналық басын ұрықтандыруға субсидияларды заңсыз алу және жемшөп шығындарын өтеу. Бұл үшін заңнамаға қайшы ауылшаруашылық жерлері жоқ шаруа қожалықтары тартылды",- делінген ақпаратта.
Бұдан әрі жалған кадастрлық нөмірлерді көрсете отырып, дәйексіз мәліметтерді қамтитын субсидиялар алуға өтінімдер қашықтан берілді. Бұл ретте ауыл шаруашылығы кооперативтері басшыларын хабардар етпей, олардың ЭЦҚ-сы пайдаланылды.
"Осылайша 1,2 млрд теңгеден астам қаражат ұрланған".ҚР ҚМА баспасөз қызметі
Алмасбек Садырбай ұсталды. Ал, оның сыбайласы тергеу сотының санкциясымен үй қамауында. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.
Бұған дейін Өскеменде әділет майоры мен лейтенантының 5,8 млн теңге қаражатты жымқырғаны хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:59, 15 желтоқсан 2025
Алматыда желілерді салу кезінде ереже бұзған мердігерлік компаниялар лицензиясынан айырылды
-
13:50, 15 желтоқсан 2025
Алматыдағы жаңа БРТ желісінде жол қозғалысы ережелерінің сақталуына бақылау күшейтілді
-
13:41, 15 желтоқсан 2025
Қытайлық миллиардер болашақ жұбайын әлеуметтік желілерден іздей бастады
-
13:34, 15 желтоқсан 2025
Қазақстандықтарға ақылы жолдарға қатысты жағымды жаңалық хабарланды
-
13:26, 15 желтоқсан 2025
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жариялады





