Бектенов 2026 жылы халықтың нақты табысын арттыру жоспарланып отырғанын мәлімдеді
© Фото: primeminister.kz
Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Олжас Бектенов халық табысының өсуін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мәліметте азаматтардың табыс деңгейінің артуы экономиканың өсу қарқынына сәйкес келмейтіні атап өтілді. Еңбекақының жалпы ішкі өнімдегі үлесінің көрсеткіші шамамен 31%-ды құрап отыр, бұл – Орталық Азия үшін жоғары көрсеткіш.
Бірақ біздің мақсатымыз – әлемдік орташа көрсеткіш – 40%-ға және одан жоғары деңгейге жету.
"Жалақының өсу қарқыны бизнес табысының, оның ішінде өз күшімен әрі мемлекеттік қолдау есебінен алынған табыс динамикасынан артта қалып отыр. Осыған орай Үкімет халықтың табысын арттыру үшін кешенді шараларды әзірлеуде. Оның аясында қаржылық, салықтық және басқа да ынталандыру шаралары көзделуде. Олар еңбекақыны көтеруге, лайықты жалақы төлейтін жұмыс орындарын көбейтуге, кәсіби дағдылар мен біліктілікті дамытуға, сондай-ақ азаматтар үшін қаржылық жүктемені азайтуға бағытталған", — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Үкіметтің 2026 жылға арналған негізгі басымдығы халықтың нақты табысының өсуі болып саналады. Бұған жаңа өндірістер құруға, кәсіпкерлік бастамаларды дамытуға және тұрақты жұмыс орындарын ашуға бағытталған жүйелі шаралар кешені ықпал ететін болады.

Сурет: primeminister.kz
Сонымен қатар, цифрландыру мәселелеріне назар аударылды. Мемлекет басшысы жариялаған цифрландыру жылы аясында Қазақстан халқына Жолдауында экономиканың барлық салаларына озық технологиялар мен ЖИ енгізу және цифрлық мемлекет құру міндеті қойылды. Алайда бұл бағытта жүзеге асыру жұмыстары тиісті деңгейге жеткен жоқ. Экономиканың нақты секторында цифрландыру процестері әлі де бастапқы сатыда. Осы күнге дейін салалық деректер қорлары толық қалыптаспай отыр.
"Осы және басқа да мәселелердің барлығы Үкімет әзірлеген "Digital Qazaqstan" стратегиясында өз шешімін табуы тиіс, ол барлық цифрлық бастамаларды жалпыұлттық бағдарламаға біріктіреді",- делінген ақпаратта.

Сурет: primeminister.kz
Бұған дейін Бектенов шағын және орта бизнесті (ШОБ) қолдауға арналған қосымша қаржылық және реттеушілік шаралар әзірленіп жатқанын хабарлаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:26, 10 ақпан 2026
Электр қуаты жеткіліксіз болса, еліміз ойдағыдай дами алмайды – Мемлекет басшысы
-
12:22, 10 ақпан 2026
Қазақстан президенті білім саласындағы жүйелік мәселелерді көтерді
-
12:16, 10 ақпан 2026
Аймақтардың экономикасы тұрақты өсіп-өркендеп келеді, бірақ, шешімін таппаған мәселелер бар – Мемлекет басшысы
-
12:10, 10 ақпан 2026
Президент: Цифрлық трансформация кезінде жеке деректерді қорғау басты міндет
-
12:09, 10 ақпан 2026
Мемлекет пен бизнестің тиімді ықпалдастығын жолға қою керек – Президент





