Бектенов 1 желтоқсаннан бастап дихандарды қаржыландыру жұмыстарына кірісуді тапсырды
© Фото: primeminister.kz
Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында биылғы 15 қарашада Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумы барысында айтылған Президент тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 19 қарашада Үкімет мәлімдеді.
Премьер-министр агроөнеркәсіптік кешенді нығайту және ауыл шаруашылығы саласын экономикалық өсудің көшбасшысына айналдыру жөніндегі Президент алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін бірқатар тапсырма берді.
"Агроөнеркәсіп секторының тұрақты дамуының негізгі факторларының бірі – қолжетімді несиелеу. Премьер-министр Ауыл шаруашылығы министрлігі мен "Бәйтерек" холдингіне тез арада өтінімдер пулын жинақтап, 1 желтоқсаннан бастап 2025 жылғы көктемгі егіс және жиын-терім жұмыстарын сапалы жүргізу үшін дихандарды қаржыландыру жұмыстарына кірісуді тапсырды. Азық-түлік корпорациясы фермерлерден астықты қолайлы бағамен тікелей сатып алуды қамтамасыз етуі керек",- делінген ақпаратта.
Сонымен қатар Премьер-министр биыл ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға бөлінетін жеңілдікті қаржыландыру көлемі едәуір ұлғайғанын атап өтті.
"Несиелеу тетігі есебінен 2 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші техника паркін жаңартуға мүмкіндік алды. Бұл ретте, техниканы жыл сайын 8-10% деңгейінде жаңартып отыру үшін жеңілдетілген лизингтік қаржыландыру көлемін ұлғайтып қана қоймай, құрастыру зауыттарында өндірісті локализациялау деңгейін арттыру қажет. Бұл – Өнеркәсіп, Ауыл шаруашылығы министрліктері мен "Бәйтерек" холдингінің міндеті", — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Бұған дейін Мемлекет басшысының Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумында берген тапсырмаларын орындау шеңберінде жеке тұлғалар кірістері мен мүлкін міндетті декларациялаудан босатылғаны хабарлланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:08, 19 қараша 2024
Ақтөбе облысының прокуроры қызметінен босатылды
-
12:54, 19 қараша 2024
Қазақстанда білім беру ұйымдарында тамақтанудың жаңа стандартын енгізу жоспарлануда
-
12:37, 19 қараша 2024
АШМ және ЦДИАӨМ ақпараттық жүйелерін интеграциялау бойынша пилоттық жоба іске қосылды
-
12:06, 19 қараша 2024
Мемлекет басшысы Князь II Альберді Монаконың Ұлттық күнімен құттықтады
-
11:58, 19 қараша 2024
Қазақстанда 2025 жылы шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квоталарды қысқарту жоспарлануда