Бейнеуде қара қоңыз қаптады

© Сурет: pixabay
Маңғыстау облысы Бейнеу ауылының тұрғындары күн өткен сайын қара қоңыздардың көбейіп бара жатқанын айтып, дабыл қағуда. Жәндіктер даланы қойып, үйдің ішінде де қаптай бастаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аудан әкімдігі мәселе тозаңқоректінің түріне байланысты екенін айтып, оны тек зертхана анықтай алатынын жеткізді. Ал, әзірге тұрғындарға жәндікпен күні-түні күресуге тура келуде.
"Қоңыздар шамамен бір апта бұрын пайда болды. Батапқыда аз еді, күннен күнге көбейіп барады. Кешегі жаңбырдан кейін саны тіптен артқан сияқты. Көше мен ауланы былай қойғанда, үйдің ішіне де, су қазандықтарына да еніп болды. Су ішуден қалдық десек те болады",- дейді Бейнеу ауылының тұрғыны Ботагөз Отарғазиева.
Тұрғындар желіде жәндіктерді жоюдың түрлі тәсілдерін бөлісуде, бірақ әзірге ешқайсысы нәтиже бермей отыр. Олар дихлофоспен, зиянкестерге арналған химиялық препараттармен, үй қабырғаларын шаңсорғышпен тазалап, күшті су ағысымен тазалық жүргізуде. Дегенмен, олардың саны азаяр емес.
Жәндіктерді зерттейтін мамандар тозаңқоректілердің түрі көп екенін, көбісі адамға қауіпсіз екенін айтты.
"Қоңыздардың қаптауының себептері әртүрлі болуы мүмкін. Бұған циклдік құбылыс та, ауа райы факторлары да ықпал етеді. Өткен жылы жауын-шашын да көп болды, су тасқыны да әсер еткен болуы керек",- деді зоолог Айдын Есжанов.
Бүгінде зертхана қызметкерлері қоңыздар тозаңқоректілердің қай түріне жататындығын анықтауда.
"Заң бойынша әрбір меншік иесі ауласын таза ұстауға және түрлі зиянкестердің таралуына жол бермеуге міндетті. Сондықтан әр тұрғын арнайы қызметтерді шақырып, дезинсекция жасауға жауапты", – дейді Бейнеу ауданының аумақтық инспекциясының басшысы Дастан Мұханов.
Өз кезегінен тұрғындар аудан билігінен ауыл аумағындағы жәндіктерді жоюды талап етуде, себебі бейнеуліктердің төзімі таусылып барады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:55, 14 шілде 2025
Павлодар облысында жолаушылар тасымалы құны 20 пайызға қымбаттайды
-
22:26, 14 шілде 2025
Трамп бірқатар маңызды саяси мәлімдеме жасады
-
21:59, 14 шілде 2025
20-дан аса адам зардап шекті: Алматыда жантүршігерлік жаппай жол апаты болды
-
21:45, 14 шілде 2025
Алматыда екіқабатты үй өртенді
-
21:38, 14 шілде 2025
«Аптап ыстық, бұршақ, тұман». Сейсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды