Батыс Қазақстан облысында ашық аумақта шөп өртенді
© Сурет: БҚО ТЖД баспасөз қызметі
30 маусымда Круглоозерное кентінің маңында Вишневая балка бау-бақша серіктестігінің ашық аумағында 10 га алаңда құрғақ шөп өртенді. Өрт кешқұрым толығымен сөндірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, жедел штаб құрылып, өрт Сарытау шағын ауданы және Вишневая балка серіктестігі аумағы жағынан сөндірілген.
"Сағат 18:30-да өрт оқшауланып, сағат 18.49-да толығымен сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына Батыс Қазақстан облысы ТЖ департаментінің басшылығы барды".Батыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі
Өртті сөндіруге ТЖ департаментінен 83 адам мен 12 бірлік техника, орман шаруашылығынан 5 адам және 1 бірлік техника, ерікті өртке қарсы қызметтен 12 адам және 6 бірлік техника жұмылдырылды.

Сурет: БҚО ТЖД баспасөз қызметі
22 маусымда Алматы облысында Іле-Балқаш резерватының аумағында өрт шықты. Сегізінші тәулікте (30 маусым сағат 11:00 жағдай бойынша) өрт сөндірушілер мен ЖАО-ның бірлескен күшімен өрт аумағын 30 гектарға дейін қысқарту мүмкін болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:59, 15 желтоқсан 2025
Алматыда желілерді салу кезінде ереже бұзған мердігерлік компаниялар лицензиясынан айырылды
-
13:50, 15 желтоқсан 2025
Алматыдағы жаңа БРТ желісінде жол қозғалысы ережелерінің сақталуына бақылау күшейтілді
-
13:41, 15 желтоқсан 2025
Қытайлық миллиардер болашақ жұбайын әлеуметтік желілерден іздей бастады
-
13:34, 15 желтоқсан 2025
Қазақстандықтарға ақылы жолдарға қатысты жағымды жаңалық хабарланды
-
13:26, 15 желтоқсан 2025
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жариялады





