Балқашта үш жас ер адамды өлгенше сабаған

17:46, 22 қазан 2026
MKZ: 1573848

© Сурет: pixabay

Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты адамды өлгенше сабады деп айыпталған үш жастың ісін қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олар адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған, абайсызда адам өліміне әкеліп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша жауапқа тартылды.

"2025 жылғы 22 желтоқсанға қараған түні Балқаш қаласында кәмелетке толмаған тағы екі сотталушымен бірге төбелес барысында жәбірленушінің бас тұсына жұдырықпен және аяқпен бірнеше рет соққы жасап, денесіне көптеген жарақат келтірген. Алған жарақаттарының салдарынан жәбірленуші ауруханада қайтыс болған", делінген сот хабарламасында.

Сотта айыптаушы тарап істі кісі өлтіру бабы бойынша қайта саралауды сұрады. Қорғаушы тарап сотталушыларды ақтауды сұрады.

Сот үкімімен кәмелетке толмаған кінәлі деп танылып, оған 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы, ал А. және Қ.-ның әрқайсысына 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Жәбірленуші тараптың моральдық зиянды өндіру туралы азаматтық талабы ішінара қанағаттандырылып, 10 000 000 теңге өндірілді, өкілдік шығындар 3 500 000 теңге өндірілді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!