Қазақстан суға жүзуден Азия Пара ойындарында күміс медаль иеленді

18:34, 22 қазан 2026
MKZ: 1573858

© Сурет: Ұлттық паралимпиадалық комитеті

Қазақстан құрамасы жүзуден Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандастарымыз 4×50 метрге еркін стильде жүзуден аралас эстафетада екінші орын алды. Қазақстандық спортшылар қашықтықты 2 минут 48,99 секундта жүзіп өтті.

Ұлттық құрама сапында Наталья Звягенцева, Айсұлтан Кулькеев, Сиязбек Далиев және Зульфия Ғабидуллина өнер көрсетті.

Жарыста Қытай құрамасы 2 минут 25,22 секунд нәтижесімен топ жарды. Ал Таиланд өкілдері 2 минут 54,64 секунд көрсеткішімен қола медаль жеңіп алды.

Бұған дейін қазақстандық мергендер Гран-при кезеңінде төрт медаль жеңіп алған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!