Балқаш көлі жағалауында заңсыз берілген жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды
© Фото: pexels
Балқаш маңындағы жер учаскесі анықталған заңбұзушылықтардан кейін мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы Zakon.kz-ке Ауыл шаруашылығы министрлігінің (АШМ) мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып хабарланды.
Анықталғандай, Жетісу облысы бойынша ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің Жер ресурстарын басқару департаменті Сарқан ауданы әкімдігіне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Тексеру барысында Балқаш көліне жақын орналасқан су қорғау аймағында жалпы ауданы 12 гектарды құрайтын 24 жер учаскесінің жер заңнамасы талаптарын бұза отырып, коммерциялық мақсатта берілгені анықталды.
Осыған байланысты департамент Сарқан аудандық сотына Сарқан ауданы әкімдігінің қаулыларын, сондай-ақ аталған жер учаскелері бойынша сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тану туралы талап қою арызымен жүгінді.
Сот департаменттің талап қою арызын толық көлемде қанағаттандырды, нәтижесінде Балқаш көлі жағалауында орналасқан жалпы ауданы 12 гектар болатын жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:57, 5 мамыр 2026
Атырауда заңсыз айналымнан 3 тоннадан астам балық тәркіленді
-
12:36, 5 мамыр 2026
Айбек Дәдебай қызметінен босатылды
-
12:35, 5 мамыр 2026
Роман Скляр Президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды
-
12:28, 5 мамыр 2026
Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамдары - 5 мамыр
-
12:17, 5 мамыр 2026
Қазақстанда электр энергиясы қаншалықты қымбаттайды





