Баласы бар ер адам Алматы – Астана рейсіне неге жіберілмеді - әуе компанияның ресми түсініктемесі

13:30, 7 қаңтар 2026

© Фото: zakon.kz

5 қаңтарда Алматыдан Астанаға қатынайтын FS-7061 рейсіне билеті бар жолаушыны баласымен бірге Flyarystan әуе компаниясы ұшаққа отырғызбай қойған. Осы оқиғаға қатысты әуе компания бүгін, 7 қаңтарда ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеру нәтижелері бойынша мынаны хабарлаймыз:

"2026 жылғы 5 қаңтардағы Fs7061 Алматы – Астана рейсінде отырғызу аяқталған кезде жолаушылар орнында болмады. Жолаушыларды отырғызудың барлық кезеңдері, оның басталуы мен аяқталуы туралы хабарландыруларды қоса алғанда, уақтылы және бірнеше мәрте жарияланды. Жолаушыларды отырғызу аяқталғаннан кейін және соңғы тексеруден соң алаңға жолаушылардың келмегені анықталды. 22: 13-те жолаушылырды отырғызу шарасы ресми түрде аяқталды. Сағат 22:15-те жолаушылар алаңға келді, бірақ барлық ұшу алдындағы процедуралардың аяқталуына байланысты оларды бортқа кіргізу мүмкін болмады. Қызметкерлердің барлық іс-әрекеттері авиациялық ережелерге және ұшу қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес орындалды". Flyarystan әуе компаниясының баспасөз қызметі

Неліктен әке компания кешіккен жолаушыларды күте алмайтынын мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!