Балаларын өз қолымен өлтірген американдық әйел 30 жылдан кейін бостандыққа шығуы мүмкін

09:53, 22 қазан 2024

© Сурет: AP

Балаларын өлтіргені үшін сотталған американдық Сьюзан Смит 30 жыл қапастағы өмірден кейін бостандыққа шығуы мүмкін. Айта кетейік, ол балаларын Оңтүстік Каролинадағы көлге батырып жіберген болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.

AP мәліметінше, келесі айда Сюзан Смит шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш бере алады. Ол автокөлік орындықтарына балаларын байлап, Оңтүстік Каролинадағы көлге батырып жіберген болатын. Бүгінде Смит бұл қылмысы үшін 30 жыл жазасын өтеді.

Балаларын өз қолымен өлтірген американдық әйел 30 жылдан кейін бостандыққа шығуы мүмкін, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2024 09:53

Сурет: AP

Сьюзан 1995 жылы 24 жасында кісі өлтіру бабы бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Сол кездегі заңға сәйкес, 30 жыл жазасын өтегеннен кейін, шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш беруге құқылы.

Бұған дейін Иракта MBС телеарнасының штаб-пәтері талқандалғаны хабарланды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!