Алматыда Қытай азаматынан 4,5 мыңға жуық ақбөкен мүйізі тәркіленді
© Фото: Zakon.kz
Арнайы іс-шараны Алматыда криминалдық полицияның "Киберпол" қызметкерлері жүргізген.
Жетісу ауданындағы жеке үйлердің бірінде 58 жастағы ҚХР-ның азаматы ұсталды. Оны тінту кезінде ақбөкен мүйізі салынған 50 қорап табылды және тәркіленді.
Ер адамның айтуынша, ол Қызыл кітапқа енген элементтерді Алматы облысынан сатып алып, емдік мақсатта өз еліне тасымалдауды жоспарлаған.
Ақбөкенді заңсыз жою, сондай-ақ оны немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін алу, сақтау, өткізу, импорттау, кіргізу, жөнелту, тасымалдау деректері бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Ақбөкен мүйіздерін сату арнасы анықталуда", – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Талант Исаев.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:52, 22 қазан 2024
Семей қаласындағы ерекше мурал кімге арналған
-
13:37, 22 қазан 2024
2024 жылғы қазан айының соңғы он күндігіндегі доллар бағамында қандай өзгерістер күтіп тұр
-
13:24, 22 қазан 2024
Балаларын қорғамақ болған әйел күйеуін таспен атып түсірді: жанашыр ана жазасыз қалмады
-
13:12, 22 қазан 2024
15 минутқа 500 теңге: Ақтау әуежайындағы тұрақтардың бағасы тексеріледі
-
13:02, 22 қазан 2024
Талғар уақытша ұстау изоляторыннан қашып кеткен күдіктіге іздеу жарияланды