Бағалар 8-20%-ға төмен: Алматы тұрғындарына ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінің өтетін уақыты мен орны айтылды
© Сурет: Алматы қаласы ӨКҚ
Алматыда алдағы демалыс күндері, яғни сенбі және жексенбі күндері Түркістан облысы мен қаласының фермерлері ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін өткізеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Алматыда 29 және 30 тамыз күндері Түркістан облысы мен қаласының фермерлері және тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Сауда орындары Қазыбек би көшесінде, Абылай хан даңғылы мен Панфилов көшесінің арасындағы учаскеде орналасады", – делінген хабарламада.
Жәрмеңкеде 500 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімін ұсыну жоспарланып отыр. Түркістан облысының 16 ауданынан фермерлер мен өндірушілер өз өнімдерін әкеледі.
Жәрмеңкеде:
- шамамен 100 тонна ет өнімі;
- 170 тонна көкөніс;
- 66,5 тонна сүт өнімдері;
- 30 тонна жеміс;
- 70 тонна жидек пен бақша дақылдары ұсынылады.
"Өнімдерді орташа нарықтық бағадан 8-20%-ға төмен бағамен сату жоспарланып отыр", – деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жәрмеңке Алматының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өңіраралық ынтымақтастықты дамыту жұмыстары аясында ұйымдастырылуда. Сонымен қатар шара отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдауға және тұрғындардың жаңа өнімдерге қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:12, 28 тамыз 2026
Сарысуда білім сапасы артып келеді
-
17:40, 28 тамыз 2026
Астанада құрылыс басында кран құлап, бір адам қаза тапты
-
17:33, 28 тамыз 2026
«Көп қан кеткен». Ақмола облысында ер адам пойыз астына түсіп, ауыр жарақат алды
-
17:22, 28 тамыз 2026
Павлодардағы кәсіпорын кассасынан 25 млн теңге ұрланды
-
17:11, 28 тамыз 2026
Еркін күрестен Армениядағы халықаралық турнирде Қазақстан алты медаль еншіледі







