Бұрынғы әйелін қайта-қайта қорқытқан ер адам 10 тәулікке қамалды

12:57, 19 қыркүйек 2026
MKZ: 1567724

© Сурет: Zakon.kz

Жамбыл облысында бұрынғы бірге тұрған әйелінің үйіне қайта-қайта келіп, жанжал шығарған 62 жастағы ер адам әкімшілік қамаққа алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл ауданында бір мекенжай бойынша отбасылық-тұрмыстық жанжалға қатысты жыл басынан бері төрт рет хабарлама түскен.

Прокуратура мәліметінше, ер адам бірнеше жыл бойы бұрынғы бірге тұрған әйелінің тұрғылықты жеріне келіп, отбасы мүшелерін қорқытып, мүмкіндігі шектеулі әйелге күш қолданған.

Бұған дейін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған қорғау нұсқамасы шығарылған. Алайда ер адам оның талаптарын қайта бұзған.

Сот оны ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабында көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу туралы шешім шығарды.

Прокуратура зорлық-зомбылықтың "отбасылық мәселе" емес екенін, мұндай әрекеттер үшін заңда жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!