Автобустың есігін өзі жөндеп алып, жүргізуші куәлігінсіз жолаушы тасымалдаған қазақстандық ұсталды
© Сурет: Абай облысы әкімдігі
Алматы – Өскемен автожолында полиция қызметкерлері күдік тудырған Yutong маркалы автобусты тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сырт көзге қалыпты қозғалыста болған көлік құралының техникалық жағдайын тексеру барысында Абай облысының полицейлері бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады. Атап айтқанда, автобус белгіленген тәртіппен келісілмей, өз бетінше қайта жабдықталған. Тексеру кезінде көліктің ортаңғы есігі зауыттық талаптарға сай емес, қолдан жасалған конструкциямен орнатылғаны белгілі болды.
Сонымен қатар, полиция қызметкерлері жүргізушіге қатысты да заң талаптарының бұзылғанын анықтады. 42 жастағы азаматтың жүргізуші куәлігінің қолданылуы уақытша тоқтатылғаны белгілі болды. Яғни, ол көлік басқару құқығы шектелген кезеңде жолаушылар тасымалымен айналысқан.
"Тексеру нәтижесінде автобус арнайы айыппұл тұрағына орналастырылды. Қазіргі уақытта анықталған құқық бұзушылықтарға қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылдануда",- делінген ақпаратта.
Бұған дейін ішімдіктің буына елтіп үйінде ойран салған қазақстандыққа үкім шыққанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:16, 30 шілде 2026
Астанада биыл 5 мыңнан астам ата-ана жауапқа тартылды
-
21:41, 30 шілде 2026
Айша Әбдімәлік әйелдер күресінен U17 әлем чемпионатында күміс медальға ие болды
-
21:24, 30 шілде 2026
Мәдениет комитетінің төрағасы тағайындалды
-
20:47, 30 шілде 2026
Қазақстанда бір күнде 6 орман өрті тіркелді
-
20:31, 30 шілде 2026
Шілденің соңғы күнінде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды






