Автобекетте 17 жасар жасөспірімді пышақтап кетті — кінәлілер табылмай жатыр
© Сурет: pixabay
Жаға ұстатар жағдай Англияда болды. 17 жастағы Томас Тейлор Бедфорд автобекетінің жанында серуендеп жүргенде, оған бір топ ер адам суық қарумен шабуыл жасаған. Алған жарақатынан жас жігіт көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Sky News ақпаратынша, 8 қаңтарда Томас Тейлор Бедфорд автобекетінің жанындағы Гринхилл көшесімен жүрген. Осы сәтте оған бір топ ер адамдар шабуыл жасаған. Жас жігіт ауыр жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді, артынша сол жерде көз жұмған. Ол қаскөйлерді қара нәсілді және қара киім киінген деп сипаттады.
Полицияның бас инспекторы Кэти Дуниас:
"Қаланың қақ ортасында жасөспірімді пышақтап кету шыны керек таңқаларлық жайт. Детективтер тобы оқиғаның мән-жайын анықтауда және біз Томастың отбасына қайғыра көңіл айтамыз. Мен бұл оқиғаны көрген-білгендердің барлығын полицияға ақпарат беруге шақырамын. Кінәлілерді тауып, жауапқа тартумыз керек",- деді инспектор.
Бұған дейін Үндістандағы ғибадатханада алты адам қаза тапқаны хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:05, 10 қаңтар 2025
Бір доллар үшін - 514 теңге: қазақстандық экономистер 2025 жылға болжам жасады
-
14:56, 10 қаңтар 2025
Тарихи жеңіс! Дінмұхаммед Райымқұлов фристайл-акробатикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды
-
14:45, 10 қаңтар 2025
Қазақстанда -27°C-қа дейін күн суытып, қар мен жаңбыр жауады
-
14:38, 10 қаңтар 2025
Қызыл жалынның құрсауында қалған Калифорния: Олимпиада чемпионының барлық медальдары жанып кеткен
-
14:27, 10 қаңтар 2025
Павлодар облысында полиция есірткіге қатысты 392 қылмыстың жолын кесті