Қызыл жалынның құрсауында қалған Калифорния: Олимпиада чемпионының барлық медальдары жанып кеткен
© Сурет: Instagram/garyhall.jr
Калифорниядағы өрт кезінде жүзуден 5 дүркін Олимпиада чемпионы американдық Гэри Холлдың үйінің түгі қалмай жанып кетті. Онда спортшының 10 олимпиадалық жүлдесі қалып қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
50 жастағы атақты жүзуші Лос-Анджелесте үй жалдап тұрған, алайда жалынның жақындауынан ол шұғыл эвакуациялануға мәжбүр болған. Ол үйінен тек итін, атасының суретін және қызы сыйға тартқан ағаш мүсіншені алып үлгерген.
Swimming World дерегінше, Гарри өзінің он олимпиада медалін ала алмаған.
Қазір Калифорнияда дала өрттеріне байланысты төтенше жағдай режимі жарияланды. Қызыл жалыннан бес адам қаза тауып, мыңнан астам ғимарат жанып кетті.
Гэри Холл — бес дүркін Олимпиада чемпионы, мұнымен қоса, жазғы ойындардың үш дүркін күміс және екі дүркін қола жүлдегері. Сондай-ақ оның активінде әлем біріншіліктерінің үш "алтыны" бар.
Бұған дейін Қазақстан құрамасы фристайл-могулдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын үш медальмен аяқтағаны хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:47, 10 қаңтар 2025
Тоқаев Қырғызстанның сыртқы істер министрін қабылдады
-
18:47, 10 қаңтар 2025
Тоқаев Қырғызстанның сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевты қабылдады
-
18:35, 10 қаңтар 2025
Тоқаев тағы бір заңға қол қойды
-
18:31, 10 қаңтар 2025
Шымкентте полиция қызметкерлері аса ірі көлемде «синтетика» тәркіледі
-
18:10, 10 қаңтар 2025
Екібастұзда жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып, қашып кетті