Ауыл шаруашылығы министрлігі Ресейден мал мен ет әкелуге қойылған тыйымның себебін түсіндіріп берді
© Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 24 ақпанда өткен брифингте Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Қазбек Тәшімов Ресейдің бірқатар өңірлерінен мал мен ет әкелуге енгізілген уақытша шектеулерге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Журналистер Қазақстанның аса қауіпті аурулардың ел аумағына енуіне жол бермеу мақсатында Ресейдің кей өңірлерінен мал мен ет импорттауға тыйым салғанын атап өтіп, бұл қандай ауруларға байланысты екенін және нақты жағдайлар тіркелген-тіркелмегенін сұрады.
Қазбек Тәшімовтің айтуынша, шекаралас аймақтарда енгізілген шектеулер – алдын алу шарасы.
"Ресей Федерациясымен шекаралас аудандарға қатысты шектеулер енгізілді. Бұл шаралар аурулардың Қазақстан аумағына өтіп кетуіне жол бермеу үшін қабылданып отыр. Біз көршілес аумақтардағы эпизоотиялық ахуалды тұрақты түрде бақылап, қажет болған жағдайда тиісті шешімдер қабылдаймыз. Қазіргі таңда Қазақстандағы эпизоотиялық жағдай тұрақты. Осы тұрақтылықты сақтау үшін тиісті шаралар қолға алынды", – деді ол.
Сонымен қатар комитет басшысы белгілі бір тәуекелдердің анықталғанын растады.
"Көршілес мемлекеттер аумағында әрдайым белгілі бір қауіп-қатер болады. Сондықтан бұл – уақытша шара. Жағдай тұрақталғаннан кейін шектеулер алынады. Мысалы, қазір пастереллез ауруына байланысты шектеу енгіздік, себебі Ресейде осы дерт бойынша жағдайлар тіркелді", – деп нақтылады Қазбек Тәшімов.
Шектеулердің қашан алынатыны туралы сұраққа жауап берген ол, бұл шешім эпизоотиялық ахуалға байланысты болатынын айтты. Қажетті ветеринариялық шаралар жүргізіліп, өнім мен жануарлардың қауіпсіздігі расталған соң, тыйым күшін жояды.
Бұған дейін Алматыда көші-қон заңнамсының талаптарын бұзған азаматтар елден шығарылғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:53, 24 ақпан 2026
Алматыда ауа райы күрт өзгеріп, қайтадан қыс орнады
-
17:45, 24 ақпан 2026
Ташкенттегі Grand Slam турнирінде ел намысын кімдер қорғайды
-
17:26, 24 ақпан 2026
Оралда кибералаяқтар тұрғынның 5 миллион теңгесін жымқырды
-
17:14, 24 ақпан 2026
Алматылық жүргізуші қауіпті дрифт жасап, көлігінен айырылды
-
17:08, 24 ақпан 2026
Теннисші Анна Данилина әлемдік рейтингте жоғары көтерілді





