Атыраудағы ерлер түрмесінде өрт шықты: бір сотталған жарақат алды
© Фото: Zakon.kz
Атырау қаласында 24 қаңтар күні кешке ерлерге арналған түзеу колониясында өрт шықты. Қызыл жалын шамамен сағат 17:20-да мекеме аумағындағы ғимараттардың бірінің шатырынан шыққан, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Ақ Жайық" басылымының жазуынша, сотталғандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында олар уақытша басқа барактарға көшірілген, ал колонияға апаратын жолдар жабылған. Оқиға салдарынан бір сотталған күйік жарақатын алған.
Оқиға орнында өрт сөндіру бөлімшелері, полиция қызметкерлері және қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің өкілдері жұмыс істеді. Тілсіз жаудың шығу себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр.
Кейінірек жағдайға Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті түсініктеме берді. ТЖМ мәліметінше, Атырау қаласының Тасқала ауылында орналасқан түзеу мекемесінің шатыры жағынан түтін шыққаны туралы хабар 112 пультіне түскен. Оқиға орнына жеткен бөлімшелер екі қабатты ғимарат шатырының ашық жанып жатқанын анықтаған.
Өрт шыққан сәтте ғимарат ішінде адамдар болмаған – сотталғандар кешкі серуенде жүрген. Қаза тапқандар жоқ, өрт толықтай сөндірілді.
Бұған дейін теміржолдағы жүк ұрлығына қатысқан қылмыстық топ сотталғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:21, 26 қаңтар 2026
Жасанды интеллект және ақпараттық қауіпсіздік: Қасым-Жомарт Тоқаев маңызды мәселелерді көтерді
-
15:12, 26 қаңтар 2026
Қазақстан президенті үкімет пен ҰҚК-ден көші-қон есебін толық цифрландыруды талап етті
-
15:07, 26 қаңтар 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттік органдардың цифрлық жобаларын сынға алды
-
14:55, 26 қаңтар 2026
Мемлекет басшысы Бас прокуратурада жиын өткізді
-
14:48, 26 қаңтар 2026
Бублик Австралиядағы матчтағы атмосфера туралы екіұшты пікір білдірді





