Атырау облысында жоғалып кеткен ерлі-зайыптылар өлі күйінде табылды

19:24, 6 қаңтар 2026

© Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева

Атырау облысының Қызылқоға ауданында бұрын ересек балалармен бірге хабар-ошарсыз кеткен ерлі-зайыптылардың денелері табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазіргі уақытта жоғалды деп жарияланған тағы екі адамның орналасқан жерін анықтау бойынша іздеу шаралары жалғасуда.

Атырау облысы ПД баспасөз қызметінен хабарлағандай, күдіктілердің жеке басы анықталды.

Құқық қорғау органдары оларды ұстауға бағытталған қажетті жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр.

"Аталған факті бойынша кісі өлтіру нышандары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпараттар жария етілмейді", - деп атап өтті полициядан.

Сонымен қатар құзырлы ведомство әлеуметтік желіні пайдаланушыларды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және дұрыс емес әрі тексерілмеген мәліметтерді таратудан аулақ болуға шақырады.

Айта кетсек, төрт адамнан тұратын бүкіл отбасы 2025 жылдың күзінде жоғалып кеткен. Полицияға жоғалған адамдардың туыстары желтоқсан айында ғана арызданды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!