Ақтауда мысық балаларымен бірге тұрған отбасын өрттен құтқарып қалды

14:40, 7 қаңтар 2026

© Сурет: видео скрині

Ақтаудың 4-шағынауданындағы пәтерлердің бірінде жылытқышты дұрыс пайдаланбау салдарынан өрт шықты. Анасы мен екі баласы мысықтың арқасында дер кезінде оянып, отты өз күшімен сөндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

4-шағынаудандағы көпқабатты үй тұрғындарының айтуынша, өрттің шығуына жылытқышты қауіпсіздік талаптарын сақтамай қолдану себеп болған. Бұл туралы Lada.kz 2026 жылғы 7 қаңтарда хабарлады.

Өрт таңғы ерте уақытта, анасы мен екі баласы шырт ұйқыда жатқан кезде шыққан. Әйел балаларға қауіпсіздік ережелерін бірнеше рет түсіндіргеніне қарамастан, кіші баласы жылытқышты өз бетімен қосып жіберген.

"Жылытқыштарды ұзартқыш арқылы қосуға болмайды. Мұны бәрі бірдей біле бермейді, алайда бұл – өрт қауіпсіздігінің ең алғашқы талаптарының бірі. Ұзартқыштың сымы мұндай қуатты электр құралдарына арналмаған", - дейді тұрғын.

Үйдегі мысық түтінді бірінші болып сезіп, белгі беріп, балаларды оятқан. Балалар электр есептегішіндегі негізгі ажыратқышты тауып, жарықты сөндіріп, анасы киініп үлгермей тұрып, отты сумен өшірген.

Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ, алайда мүліктің бір бөлігі бүлінген. Әйел бұл оқиғаны үйдегі жылу мәселесі әлі шешілмей тұрғанын ескеріп, басқа тұрғындарды сақтандыру үшін айтуды жөн көрген.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!