Қарыздар бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесінің шекті деңгейлері бекітілді

09:11, 8 қаңтар 2026

© Фото: Zakon.kz

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің 2025 жылғы 24 желтоқсандағы бірлескен қаулысымен қарыздар бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті деңгейлері бекітілді.

Атап айтқанда, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің мынадай шекті деңгейлері белгіленді:

екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар беретін банк қарыздары бойынша:

  • кепілсіз банк қарыздары үшін – 46 пайыз;
  • кепілмен қамтамасыз етілген банк қарыздары үшін – 35 пайыз;
  • ипотекалық тұрғын үй қарыздары үшін – 25 пайыз.
  • микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар беретін микрокредиттер бойынша – 46 пайыз;
  • мерзімі 45 күнтізбелік күннен аспайтын және сомасы 45 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын микрокредиттер бойынша – тәулігіне 0,3 пайыздан төмен, бірақ жылдық мөлшерлемесі 179 пайыздан аспауы тиіс.

Микрокредиттер жоғарыда көрсетілген мөлшерлеме бойынша, микрокредит беру туралы шарттың міндетті талаптарына және микрокредитті өтеу кестесінің белгіленген нысанына сәйкес болған жағдайда беріледі.

Банк қарызы немесе микрокредит беру туралы шарт жасалған күні, сыйақы мөлшерлемесі өзгертілген кезде, сондай-ақ қарызды беру мен қызмет көрсетуге байланысты жаңа комиссиялар мен өзге де төлемдер енгізілген немесе өзгертілген жағдайда, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі осы қаулыда белгіленген шекті деңгейден аспауға тиіс.

Қаулы 2026 жылғы 5 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!