Атырау облысында 19 жастағы қыз көпірден секірмек болды

22:23, 17 маусым 2024

© Сурет: Zakon.kz

Атырау облысында полицейлер 19 жастағы қызды құтқарып қалды. Ол көпірден суға секірмек болған, деп хабарлайды Zakon.kz .

Полицияның хабарлауынша, Құрманғазы ауданында патрульдік полицейлер Әділбек Темірболатов пен Айтуған Бақтығалиев және Нұрмағамбет Мукушев өздеріне бекітілген аумақта, Бұзаусылан каналында көпірде іс әрекеті оғаш көрінген ер адамды байқаған.


Дереу жанына жеткенде ер адамның көпірдің арғы жағына өтіп, суға секірмек болған әйелді райынан қайтармақ ниетте екенін көрген полицейлер шұғыл әрекет етіп, оны қауіпсіз жерге шығарған.

Мәселенің мән-жайын тексеру барысында көпірден секірмек болған 19 жастағы аудан тұрғыны екені анықталды.

Аудандық полиция бөлімінде қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары басталды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!