Атырау облысында Сармат дәуіріне тиесілі құнды жәдігерлер табылды
© Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Облыстық тарихи-өлкетану музейінің археологиялық экспедициясы Қызылқоға ауданы Қарабау ауылы маңында археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізген еді. Нәтижесінде Сармат империясына тиесілі тоғыз қорғанды зерттеу мүмкіндігі туды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Б.з.д. V ғасырға тиесілі қорған Қызылқоға ауданы аумағынынан табылды. Бір қорғанның ішіндегі тоғыз қабірдің жетеуі тоналмағандығын ғалымдар дәлелдеп отыр.
Облыстық тарихи-өлкетану музейінің археологиялық ғылыми-зерттеу бөлімінің аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Марат Хасенов Қарабау-2 қорғанына жүргізілген археологиялық жұмыстарға тоқталды.
"Қарабау-2 қорғаны Қарабау ауылынан солтүстікке қарай 10 шақырым қашықтықта орналасқан, диаметрі – 70 метр, биіктігі – 3 метр болып табылатын Атырау өңіріндегі "патша" қорғандарының бірі. Қорғанға 2023-2024 жылдар аралығындағы жүргізілген қазба жұмысы нәтижесінде 9 қабір зерттеліп, оның ішінде 7 қабірдің тоналмағандығы анықталды. Қорғандағы 3 қабірді (№1, 2, 3 қабірлер) зерттеу барысында біздің дәуірімізге дейінгі V-ғасырда алтыннан "аң стилімен" және өзге де түрде жасалған әртүрлі әшекей бұйымдар мен заттар, қару-жарақтар, әртүрлі пішіндегі қоладан, керамикадан және сүйектен жасалған ыдыстар табылды. Мұның өзі Қарабау-2 қорғанын тек Атырау өңірінің ғана емес, Қазақстанның ерте көшпелілер дәуіріндегі "сармат көсемдері жерленген" бірегей ескерткіш ретінде тануға жол ашады", — деді ол.
Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Одан әрі Қарақұдық-1 және Қарақұдық-2 қорғандарындағы археологиялық зерттеу жұмыстарының мән-жайы туралы музейдің археология бөлімінің меңгерушісі, жас ғалым Саламат Базарбаев айтты.
"Музейдің Қарабау ауылынан солтүстік-батысқа қарай 9,7 шақырымда жерде орналасқан. Қарақұдық-1 қорғанының диаметрі - 38 метр, биіктігі - 1,8 метр, Қарақұдық-2 қорғанының диаметрі - 37 метр, биіктігі - 1,4 метр. Осы аталған екі қорғанды зерттеу барысында қабірлерден күміс пиктограмма (ақбөкеннің, қасқырдың суреттері), алтын зергерлік бұйымдар, керамикалық ыдыстар, әртүрлі тұрмыстық заттар, ағаш пен керамикалық ыдыстар, қола қазандар, темір және қоладан жасалған қару-жарақ (акинак, қылыш, жебе ұштары, найза бөлігі) табылды", - деді ол.
Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Көрмеге қойылған археологиялық олжалар Атырау өңірін ерте кезеңдерде мекендеген сармат тайпаларының өркениетінің деңгейін, оның ішінде көшпелілердің қөлөнерінің, әскери өнері мен діни рәсімдерінің жоғары дәрежеде дамығандығын көрсетті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:54, 28 қаңтар 2025
Көкшетауда ер адам жасөспірімді қар төбешігі үшін соққыға жықты
-
22:21, 28 қаңтар 2025
«Күн көріс қамы қиындай түсті». Қайрат Нұртастың әйелін сот процесі әбден қажытқан
-
22:05, 28 қаңтар 2025
Қызылорда облысында қарасора өсірумен айналысқан 40 жастағы ер адам ұсталды
-
22:00, 28 қаңтар 2025
Ұлытау облысындағы ауыл тұрғындары көлікпен жүру үшін жолға кілем төсеуге мәжбүр
-
21:51, 28 қаңтар 2025
Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты атышулы іс: сот үкімі шықты