ШҚО-да полицейлер зейнеткерді тонаған күдіктіні «ізін суытпай» ұстады
© Фото: Zakon.kz
Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында егде жастағы азаматқа қатысты жасалған қылмыстық әрекет жедел ашылды.
Тергеу мәліметі бойынша, кешкі уақытта 73 жастағы жалғыз тұратын зейнеткердің үйіне белгісіз тұлға заңсыз кірген.
Қылмыскер ашық тұрған терезе арқылы еніп, жәбірленушіден ақша талап еткен. Қорқыныш астында қалған қарт әйел 32 мың теңгесін беруге мәжбүр болған. Ақшаны алған соң, ер адам үйдегі басқа да заттарды ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған.
Жәбірленушінің нақты сипаттамасының арқасында полиция қызметкерлері күдіктіні жедел анықтап, қолға түсірді. Қазіргі таңда ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Тәртіп сақшылары халықты қарт туыстарының қауіпсіздігіне баса назар аударуға және бейтаныс жандар жайлы дереу хабарлауға шақырады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:52, 16 шілде 2026
Павлодар облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
-
17:41, 16 шілде 2026
Астанада жол ережесін 87 рет бұзған жүргізуші қамауға алынды
-
17:37, 16 шілде 2026
Қазақстандық балуандар Венгриядағы рейтингтік турнирде алты медаль жеңіп алды
-
17:20, 16 шілде 2026
Юлия Путинцева Румыниядағы турнирдің жартылай финалына жолдама алу үшін таласады
-
17:20, 16 шілде 2026
Теннисші Юлия Путинцева Румыниядағы турнирдің жартылай финалына жолдама алу үшін таласады





