Атырау облысында ауылдық мектептен шу шықты. Дәретханаға бейнекамера орнату заңды ма

18:56, 6 қыркүйек 2024

© Сурет: Facebook/Жанар Сағынбай

Атырау облысы, Қызылқоға ауданында Ш. Еркінов атындағы орта мектептегі ұлдарға арналған дәретханаға бейнекамера орнатылып қойған. Онда да камералар кіші дәрет сындыратын орындарда тұр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған орта мектептің директоры Тәттігүл Қалиева дәретханадағы мүліктер бірнеше рет бүлінуі, оның үстіне тура осында ұсақ бұзақылық фактілерінің орын алуына байланысты қол жуатын орынға бағытталған камераларды орнату қажеттілігі туындағанын айтады.

"Бұл ретте ешкімнің құқығы бұзылған жоқ. Камераларды орнату туралы шешім мектеп әкімшілігімен және қамқоршылар кеңесінің басшысымен бірлесіп қабылданды. Мұндай шешім тәртіп сақтау және бұзақылық фактілерінің алдын алу мақсатында қабылданды. Камераның жазбасын тексеру тек менің құзіретімде", - дейді Тәттігүл Қалиева.

Ал Атырау облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі дәретханадағы бейнекамераны алып тастау жөнінде шешім қабылданғанын мәлімдеп, ақпарат таратты.

"Облыстық білім басқармасы жанынан осы фактіні зерделеумен айналысатын комиссия құрылды", деп нақтылайды басқарма баспасөз қызметі.

Комиссия тексерісінің нәтижесі туралы қосымша хабарланатыны да айтылады.

Айта кетсек, Оқу-ағарту министрлігі мектептер мен колледждердегі ішкі тәртіп қағидаларын бекітті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!