A’Studio тобы Алматыға арнап қазақ тілінде ән шығарды

12:17, 30 қыркүйек 2026
MKZ: 1569689

© Сурет: instagram/astudio_group

Танымал A’Studio тобы Алматыға арнап Jañbyrdan son («Жаңбырдан соң») атты ән шығарды. Композицияны топтың солисі Кети Топурия орындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Топ мүшелерінің айтуынша, ән Алматы күніне орай жарыққа шыққан. Себебі Алматы – A’Studio тобы үшін туған қаладай ыстық мекен.

"Бұл біз үшін ерекше ән! Біз де, тыңдармандарымыз да қазақ тіліндегі әнді көптен күттік. Міне, көптен күткен жаңа ән жарыққа шықты!" – деді топтың негізін қалаушы Байғали Серкебаев.

Қазақстандықтар жаңа әнді бірден бағалап үлгерді. Әлеуметтік желі қолданушылары пікірлерін жаудыра жазды:

– A’Studio-да бәрі тұрақты: қандай ән шығарса да, бәрібір хит болады.

– Керемет, орындауы өте жоғары деңгейде.

– Бұл ән маған қатты ұнады.

– Керемет ән, ырғағы да тамаша!

– Қазақ тілінде осылай керемет ән айтасыздар!

– Орындауы тамаша, көпшілік тыңдарманға арналған әмбебап ән екен.

Музыканттар әннің мұқабасына да ерекше мән берген. Белгілі болғандай, онда ARAY тобының алғашқы құрамындағы бас-гитарист Фархад Ибрагимовтың картинасы бейнеленген. Дәл осы топтың негізінде ALMATA, кейіннен A’Studio тобы құрылған.

Бұған дейін қазақстандық танымал әнші Төреғали Төреәлі Қайрат Нұртаспен бірге жаңа ән шығарғанын хабарлағанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!