Астанадағы ғимарат туралы жалған ақпарат таратқан жасөспірім Украинада қолға түсті
© Фото: Zakon.kz
26 тамызда Сумы қаласында Қазақстан ІІМ мен Украина киберполициясының өзара іс-қимылы нәтижесінде Астанадағы сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінде жарылғыш зат жасырылғаны туралы көрінеу жалған хабарлама жіберді деген күдікпен кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталды.
Тінту барысында ұялы телефондар, планшет, ноутбук, жүйелік блок және банк картасы тәркіленді.
Электрондық құрылғылардан пайдаланылған аккаунт, жіберілген хабарламаның мәтіні және басқа да цифрлық дәлелдемелер анықталды. Қазіргі уақытта тәркіленген техникаларға талдау жүргізілуде.
Ықтимал сыбайластар анықталып, ұсталған адамның осыған ұқсас басқа да фактілерге қатысы бар-жоғы тексерілуде. Украинаның құзырлы органдарымен одан әрі процестік шешімдер қабылдау мәселесі бойынша өзара іс-қимыл жалғасуда.
Қазақстанның ІІМ ескертеді: нысанды жару, терроризм жасау, кепілге адам алу және қауіпсіздікке төнетін өзге де қатерлер туралы жалған хабарламалар – ойын емес. Мұндай әрекеттер үшін заң бойынша жауапкершілік қарастырылған.
Ата-аналарға балаларға интернеттегі қауіпсіз әрі жауапты мінез-құлық ережелерін түсіндіру, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі күдікті белсенділікке назар аудару ұсынылады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:32, 18 қыркүйек 2026
Тұрғын үй көмегін көрсету қағидалары өзгерді
-
16:25, 18 қыркүйек 2026
Психотроптық заттарды заңсыз өндірумен айналысқан қазақстандық Ресейден экстрадицияланды
-
16:09, 18 қыркүйек 2026
+33°С-қа дейін ыстық, кейін жаңбыр: синоптиктер Астана, Алматы және Шымкенттегі ауа райы туралы айтты
-
15:51, 18 қыркүйек 2026
Мемлекет басшысы Халықаралық үстел теннисі федерациясының президентін қабылдады
-
15:50, 18 қыркүйек 2026
Қала күнінің басты іс-шаралары: 19-20 қыркүйекте Алматыда қайда баруға болады





