Астанада жасөспірімдерге арналған TUMO Astana цифрлық білім беру орталығы ашылды
© Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен елордада TUMO Astana креативті технологиялар және жасанды интеллект орталығы ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жаңа білім беру кеңістігі Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығының ғимаратында орналасқан. Бұл – әлемдік TUMO желісінің Орталық Азиядағы алғашқы орталығы.
TUMO Astana 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған. Оқу процесі толықтай тегін, емтихансыз жүзеге асырылады. Мұнда оқушылар болашағы зор цифрлық салаларды ерте жастан меңгеруге мүмкіндік алады.
Орталықта 11 бағыт бойынша білім беріледі.
Атап айтқанда:
- жасанды интеллект, бағдарламалау, ойын әзірлеу, анимация, 3D-модельдеу, робототехника, дизайн, веб-әзірлеу, киноөндіріс және цифрлық музыка.
Жыл сайын орталықта 5000-ға жуық оқушы білім ала алады.
Жоба аясында Қазақстанның өзге өңірлерінде де осындай орталықтардың филиалдарын ашу жоспарланып отыр. Бұл жасөспірімдерге заманауи білімге тең қолжетімділік беруге бағытталған.
TUMO білім беру моделі өзіндік оқуды, тәжірибелі мамандармен воркшоптарды және нақты жобалармен жұмыс істеуді біріктіреді. Сарапшылардың пікірінше, бұл бастама Қазақстанның жаһандық білім беру жүйесіне кірігуіне және жас буынның адами капиталын дамытуға серпін береді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:31, 24 сәуір 2026
Президент Alem.ai battle және AI Governance Cup жеңімпаздарын марапаттады
-
16:22, 24 сәуір 2026
Президент: Жасанды интеллект басқару жүйесін жаңартады
-
16:17, 24 сәуір 2026
Мемлекет басшысы жасанды интеллект пен креативті саланың болашағын сөз етті
-
16:10, 24 сәуір 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев: цифрландыру мен жасанды интеллект – ел дамуының негізгі бағыты
-
16:02, 24 сәуір 2026
Президент Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде сөз сөйледі





