Астанада тұрғындарды камералар арқылы «аңду» мүмкіндігіне қатысты түсініктеме берілді

16:42, 30 шілде 2026
MKZ: 1558850

© Фото: Zakon.kz

Astana Smart City жобасының бағыт жетекшісі әрі Астана қаласы Жағдаяттық орталығының басқарушы директоры Айбек Ахметбеков 2026 жылғы 30 шілдеде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте елорда тұрғындарының сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Атап айтқанда, ол қуатты бейнекамералар арқылы тұрғындарды "аңду" мүмкін бе және мұндай бақылау азаматтардың құқықтарын бұзбай ма деген сұраққа түсініктеме берді.

"Әрине, жоқ. Smart City жағдаяттық орталығының жұмысы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қаланың барлық қызметінің жұмысын жақсартуға бағытталған. Бізде дербес емес, иесіздендірілген деректер сақталады", – деді Ахметбеков.

Оның айтуынша, қалада деректерді өңдеу орталығы бар. Онда иесіздендірілген деректер қорғалған ортада сақталады.


"Егер полиция қандай да бір оқиғаны тіркеп, дербес деректермен жұмыс істеуі қажет болса, мұндай мәліметтер сұрау салу бойынша тиісті құқық қорғау органына жіберіледі. Біз тек оқиғаны тіркеп, тиісті органға жолдаймыз. Одан әрі олар жұмыс жүргізеді", – деді спикер.

Бұған дейін Астанада 60 мыңнан астам камера қоғамдық тәртіпті бақылап тұрғаны хабарланған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!