Астанада Toyota жүргізушісі мас күйде көлік айдап, 15 тәулікке қамалды

14:15, 23 қараша 2026
MKZ: 1579224

© Сурет: Instagram/police__astana и polk_pp_ast

Астанада мас күйде көлік басқарған жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар ол жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылып, автокөлігі коммуналдық тұраққа қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы 22 қарашада елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында полицейлер жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылауды күшейткенін хабарлады.

"Құқықтық тәртіп" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Toyota маркалы автокөлікті тоқтатты. Тексеру кезінде жүргізушіден алкогольдің өткір иісі шыққан. Медициналық куәландыру нәтижесінде оның орташа дәрежедегі алкогольдік масаң күйде екені анықталды", – делінген Астана ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Осы дерек бойынша жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қозғалды.

"Сот шешімімен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды. Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды", – деп хабарлады полиция.

Осыған байланысты полиция мас күйде көлік басқару жол қозғалысына қатысушылардың барлығының өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретінін еске салды.

Мұндай құқық бұзушылықтар үшін заңнамада қатаң жауапкершілік қарастырылған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!