Астанада өзгенің мүлкін бүлдірген 330-дан астам бұзақы ұсталып, жазаланды
© Сурет: gov.kz
Астанада 2024 жылы жалпы сомасы 17 млн 112 мың 420 теңгені құрайтын 360-тан астам бұзақылық оқиғасы анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астанада вандализм және бөтеннің мүлкіне зиян келтіру әрекеттерімен күресу бойынша қарқынды және күшейтілген жұмыстар жүріп жатыр. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қала басшылығымен бірлесе отырып, осындай заң бұзушыларды анықтауға және алдын алуға бағытталған іс-шараларды белсенді жүргізіп жатыр, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
"2024 жылы жалпы сомасы 17 млн 112 мың 420 теңгені құрайтын 360-тан астам бұзақылық оқиғасы анықталды. 2025 жылы жыл басынан 393 мың 200 теңгені құрайтын 10 факті тіркелді. Бұзақылық жасағаны үшін 337 азамат жауапкершілікке тартылып, оның 198-іне айыппұл салынып, 139-ы әкімшілік қамауға алынды. Барлық құқық бұзушы табылып, ҚР ӘҚБтК-нің 147-1 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", делінген хабарламада.
Оқиғаның бірі қаладағы тұрғын үйлердің бірінде болды. 34 жастағы тұрғын лифт есігін теуіп әдейі сындырған. Полицейлер құқық бұзушыны анықтап, нәтижесінде ол бөтеннің мүлкін қасақана жойғаны немесе бүлдіргені үшін жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен ер адам 15 тәулікке уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Естеріңізге сала кетейік, бұзақылық әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Мұндай әрекет үшін айыппұл салынып, өтемақы немесе тіпті қамауға алынуы мүмкін.Полицейлер қалада тәртіп пен тазалықты сақтауға, сондай-ақ қоғамға жат әрекеттердің алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жүргізеді. Акцияның мақсаты – кез келген бұзақылық жағдайды тоқтату және елордада тазалық пен тәртіпті сақтау.
Бұзақылықтың алдын алу жұмыстары қалалық прокуратура және полиция бөлімімен келісе отырып жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін Алматы облысында барымташылар тобы ұсталғаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:12, 17 қаңтар 2025
Қазақстанның екі өңірінде жер сілкінісі сезілді
-
23:05, 17 қаңтар 2025
Маңғыстау облысында Сайөтес-Бейнеу тас жолында жүк көлігі аударылды
-
22:56, 17 қаңтар 2025
«Боран, тұман, жаңбыр». Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
-
22:28, 17 қаңтар 2025
Ресейден Арменияға ұшып шыққан ұшақ апатты жағдайда әуежайға қонды
-
21:57, 17 қаңтар 2025
Газада кепілге алынған адамдардың босатылатын алғашқы күні аталды