Астанада өтетін Backstreet Boys тобының концертіне билеттер 15 шілдеден бастап сатылады
© Сурет: Instagram/backstreetboys
Everybody хитін орындаған бойзбенд алғаш рет 19 қыркүйекте Алматыда, 21 қыркүйекте Астанада өнер көрсетеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Топтың келуі туралы хабарландыру 2025 жылдың 8 шілдесінде жарияланды. Ал бүгін, 10 шілдеде Қазақстан астанасында билет сатылымының басталатын күні белгілі болды.
Астана концерт хабарлағандай, билеттерді сату Ticketon.kz сайтында 15 шілдеде басталады. Қазақстандықтар билеттерді 10 төлем әдісімен, соның ішінде бөліп төлеу арқылы сатып ала алатыны белгілі.
Ұйымдастырушылар әзірге Алматыдағы концерт туралы үндемей отыр.
Backstreet Boys — 1993 жылы 20 сәуірде құрылған американдық музыкалық топ. 1996 жылы өзінің жеке дебюттік альбомынан бастап, топ өзінің жазбаларының шамамен 130 миллион данасын сатты.
Бұған дейін 2025 жылдың сәуір айында қазақстандық кәсіпкер Динара Сәтжанның шаңырақ көтергенін хабарлаған болатынбыз. Үйленгеннен кейін бірнеше ай өткен соң блогер осы маңызды оқиғадан кейін өмірінде не өзгергенін көрермендермен бөлісті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:21, 16 желтоқсан 2025
«Барыс» Ресейде «Автомобилисттен» басым түсті
-
21:53, 16 желтоқсан 2025
Мексикада Димаштың жанкүйерлері Қазақстанның Әнұранын айтты
-
21:39, 16 желтоқсан 2025
Астанада ертең оқушылар қашықтан оқиды
-
21:04, 16 желтоқсан 2025
Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы күрт бұзылады: үш күнге арналған болжам
-
20:43, 16 желтоқсан 2025
Әуезов театрының 100 жылдығында «Еңлік – Кебек» қайта сахналанады





