Астанада оқушылар мен колледж студенттері онлайн оқиды
© Сурет: pixabay
Астана қаласы білім басқармасының мәліметінше, ауа райының күрт суытуына байланысты 2023 жылы 12 желтоқсанда бірінші ауысымдағы 0-11 (12) сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Ауа райының күрт суытуына байланысты 2023 жылы 12 желтоқсанда бірінші ауысымдағы 0-11 (12) сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылды", делінген хабарламада.
"Қазгидромет" РМК деректері бойынша, Астанада 12 желтоқсанда сынап бағаны 30 градусқа дейін күрт төмендейді деп болжанып отыр.
Алдында еліміздің 12 облысында қолайсыз ауа райына байланысты тас жолдар ішінара жабылғаны хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:13, 19 желтоқсан 2025
ISU конькимен жүгіруден Олимпиада квоталарының алдын ала бөлінісін жариялады
-
21:47, 19 желтоқсан 2025
Полиция ескертуі: бейтаныс адамның сәлемдемесін жеткізіп беруге келіспеңіз
-
21:10, 19 желтоқсан 2025
Қазақстан фристайл-акробатикадан Қытайда өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады
-
20:01, 19 желтоқсан 2025
Жезқазған қаласының бюджеті мен инвестициялық әлеуеті артып келеді
-
19:53, 19 желтоқсан 2025
Астанада бір мезетте 40-тан астам шыршаның шамы жағылды





