Астанада мектепте баспалдақтан құлап кеткен баланың әкесі ем-домын өтеуді талап етіп отыр
© Фото: zakon.kz
Астанада мектепте баспалдақтан құлап кеткен баланың әкесі ем-домын өтеуді талап етіп отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Зардап шеккен оқушының ата-анасы мектеп басшылығына қарсы қылмыстық іс қозғап, баланың ем-домын өтеуді талап етіп отыр.
"Ашық бас жарақаты. Мұрын сүйнгі сынған. Бала демалғанда миға ауа кіріп жатыр дейді. Баланың денсаулығы қалыпты деп жазып жатыр. Ешқандай да қалыпты емес, Ота жасалмаған баланың денсаулығы қалай қалыпты болады? 50 пайыз көзі көрмейді. Екінші көзі минусқа кетіпті бүгін. Балам мүгедек болды. Кім жауап береді?"Жәбірленушінің әкесі Бекжан Қожамқұлов
Дәрігерлер денсаулығын орташа ауыр деп бағалап отыр. Дегенмен ақ халаттылар баланың көзі жартылай көрмей қалды деген ақпаратты жоққа шығарды.
"Нақты ашық бас жарақаты, контизуолог фокусы маңдай бөлігінде. Маңдай сүйектерінің сызықты сынуы, орбиталық ұяның жоғарғы қабырғасының сынуы. Жалпы жағдайы түскен кезде ауыр болды. Екі күн жансақтау бөлімінде жатты. Қазіргі жағдайы орташа, үлкен консилуим болды. Шешім қабылдадық, қазіргі уақытта ешқандай ота жасайтындай көрсеткіш жоқ"Нейрохирург Серік Қизатуллин
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:13, 19 желтоқсан 2025
ISU конькимен жүгіруден Олимпиада квоталарының алдын ала бөлінісін жариялады
-
21:47, 19 желтоқсан 2025
Полиция ескертуі: бейтаныс адамның сәлемдемесін жеткізіп беруге келіспеңіз
-
21:10, 19 желтоқсан 2025
Қазақстан фристайл-акробатикадан Қытайда өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады
-
20:01, 19 желтоқсан 2025
Жезқазған қаласының бюджеті мен инвестициялық әлеуеті артып келеді
-
19:53, 19 желтоқсан 2025
Астанада бір мезетте 40-тан астам шыршаның шамы жағылды





