Ғұсман Қосановты еске алуға арналған турнир: қазақстандықтардың нәтижесі қандай
© Сурет: olympic.kz
Шымкентте Ғұсман Қосановты еске алуға арналған халықаралық турнир аяқталды. Жарыстың екінші күні отандастарымыз бірнеше дисциплинада жеңімпаз атанып, жүлдегерлер қатарына енді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мария Ефремова (үш қарғып секіру – 13.83 м), Рамазан Шаиев (800 метр – 1:51,77), Полина Иванова (сырықпен секіру – 4,10 м), Ақбілек Құралай (5000 метр – 17:26,10) алтын медальға ие болды.
Күміс медальді Антонина Чернышева (110 метр кедергілер арқылы жүгіру – 13.78), Ақбаян Нұрмамбет (800 метр – 2:07,98), Никита Изотов (800 метр – 1:52,08), Анна Черкашина (сырықпен секіру – 4,00 м), Виктория Ан (200 метр – 24,21), Виталий Земс (200 метр – 21,45), Давид Ефремов (110 метр – 13,95), Виктория Ан, Виталий Земс, Екатерина Пузырева, Руслан Құрманалиев (4х100 аралас эстафета) жеңіп алды.
Ал Алина Чистякова (110 метр кедергілер арқылы жүгіру – 14.09), Елизавета Якименко (үш қарғып секіру – 12.50 м), Аяна Болатбекқызы (800 метр – 2:08,01), Анастасия Ибрагимова (сырықпен секіру – 3,80 м), Арина Гладышева (5000 метр – 17:42,91), Алмат Тулебаев, Данил Сутжанов, Татьяна Но, Дария Гридасовадан құралған "Қазақстан-2" командасы (4х100 аралас эстафета) қола жүлдені иеленді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
00:01, 3 шілде 2026
Александр Бублик Уимблдон турнирінде екінші жеңісіне жетті
-
23:58, 2 шілде 2026
Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің үшінші айналымына шықты
-
23:02, 2 шілде 2026
Алматы облысында төтенше жағдай қаупіне байланысты тұрғындар эвакуацияланды
-
22:51, 2 шілде 2026
Ақтөбеде алаяқтық дерегіне қатысы бар күдікті ұсталды
-
22:22, 2 шілде 2026
ІІМ: Интернет-алаяқтықтан зардап шеккендерге 4,8 млрд теңге қайтарылды





