Астанада қоғам белсенділері паштетті қалай таңдауға болатынын айтты
© Сурет: Zakon.kz
Паштеттердің құрамында химиялық заттар көп, еті аз, кейде қоспалар мен дәмдеуіштердің шамадан көп болуына байланысты дәмі де бұзылып жатады. Сол себепті "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" ҚБ мамандары елордада бұл өнімді де тексеріп көрді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ресейдің "Орелпродукт" АҚ шығарған салмағы 250 грамдық қаңылтыр ыдыстағы "Консервы мясные "Perva" паштет печеночный со сливочным маслом" сапасы мен қауіпсіздігін Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы "Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының зертханасында тексеруден өткізілді.
Құқық қорғаушылар таңертеңгілік немесе түскі ас дәмді болып, ал паштет қалбырын қоқыс жәшігіне тастамас үшін дүкен сөресінің жанында тұрғанда-ақ өнімнің қаптамасына назар аударуға кеңес береді.
- Қалбырда МемСТ көрсетілуі керек. Халықаралық стандарттарға сәйкес консервілерді өндіру технологиясы қандай да бір тағамдық қоспаларды, қоюландырғыштарды немесе бояғыштарды пайдалануды қарастырмайды. Сондықтан МемСТ бойынша дайындалған паштет арзан болуы мүмкін емес, – дейді қоғамдық бірлестік сарапшысы Жанна Биятан.
Бірақ, сонымен бірге, техникалық шарттар да бар. Бұл жағдайда өнімнің құрамы мен рецептісін өндіруші өзі анықтайды. Ал, өкінішке орай, өндірушінің арам ниеті анықталса, тұтынушының заңды құқығын қорғауға тек қоғамдық ұйымдар мен арнайы мемлекеттік құрылымдар ғана көмектесе алады.
Сурет: Жанна Биятан
Тұтынушы, егер құқығыңыз бұзылып жатса Астана қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне 8 (7172) 953 029; 8(7172)953029 нөмірлері арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің сайтындағы сенім телефонына хабарласуыңызға болады.
- 2024 жылдың 22 қазанындағы № 1004/705 хаттамасына сәйкес, молекулярлық-генетикалық әдісті қолдана отырып, "DN Animal Ident Pig HS" арнайы сынағы арқылы "Perva" паштетінен доңыз етінің ДНҚ-сы анықталды, – дейді сарапшы.
Алайда, 2024 жылдың 22 қазанындағы № 1004/465 тағы бір хаттамасы қосымша жарияланды, онда барлық көрсеткіштер: орыс және мемлекеттік тілде таңбаламасы, құрамы, жарамдылық мерзімі және шығарылған күні, сақтау шарттары, импорттаушының атауы мен орналасқан жері, тағамдық құндылық көрсеткіштері, біртұтас EAC белгісінің бары айтылады.
Естеріңізге сала кетейік, құрамында еті бар ет консервілері – бұл ет емес ингредиенттерді пайдалана отырып дайындалған консервілер, оның рецепті бойынша ет ингредиенттерінің массалық үлесі 5,0%-дан 60,0%-ға дейінгі аралықты құрайды.
"Тауардың тұтынушылық қасиеттеріне қатысты жаңылыстыруға жол бермеу үшін өндіруші өнімді өндіруде қолданылатын ингредиенттердің бүкіл құрамын шынайы көрсетуге міндетті. Бұл жеңсік ет санаты бойынша жүргізілген соңғы зерттеу емес, өйткені қоғамдық ұйым азық-түлік нарығында қауіпсіз және сапалы контент құруды жалғастырады", – деп сендірді сарапшы.
Қазіргі уақытта қоғамдық бірлестік өнімдерге 500-ден астам зертханалық зерттеулер жүргізді. Олардың әрқайсысы бойынша нәтижелер хаттамалармен ресімделген.
Заңнама тұрғысынан
Консервілерді өндірушілер төмендегідей стандарттар мен заңдарды сақтауы керектігін ескертеміз:
- МемСТ 13534-2015 ет консервілеріне және құрамында ет бар тағамдарға белгілі бір талаптарды белгілейді. Атап айтқанда, ақауы бар консервілерді сатуға рұқсат етілмейді (түбі мен қақпағы ісінген; банкылердің түбінде немесе қақпақтарында бір шетінде жоғалып, екінші жағында бір мезгілде пайда болып, өзіне тән тырс еткен дыбысы пайда болады; банкыдан аққан өнім ізі; дақтар немесе тоттану; тілі, ашық тістері, тілікшелер, жалған немесе оралған тігістер, сондай-ақ сыртқы тұрқының, түбінің, саңылау және өткір жиектер түріндегі ("құстар") банк жиегіндегі тігістер).
- ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңының 30-бабы негізінде сатушы (дайындаушы) техникалық регламент, стандарттау жөніндегі құжаттармен бекітілген талаптарға сәйкес келмейтін, оны пайдаланғанына, тауарлық түрін, тұтынушылық қасиетін, пломбасын, затбелгісін сақтамағанына қарамастан сатқан күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде тұтынушыға сатып алынған тауар үшін ақша сомасын қайтаруға немесе тауарды ауыстырып беруге құқылы.
Азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру және отандық өндірісті дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатқа сәйкес азық-түлік үлгілеріне талдау жүргізілді. Бұл жоба тұтыну нарығын қорғауға және адал бәсекелестікке жағдай жасауға бағытталған кешенді шаралардың бір бөлігі болып табылады.
Кеңес беру сипатындағы бұл ақпарат жарнама болып табылмайды. Зерттеу нәтижелері туралы барлық ақпарат "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің келісімімен таратылады.
Егер сіз осындай бұзушылықтары бар өнімді сатып алсаңыз, 87054222739 байланыс нөміріне немесе Instagram-дағы OZPP.KZ парақшасына хабарласуға болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:20, 13 қараша 2024
Қазақстанның ерлер құрамасы семсерлесуден әлемдік рейтингтің үздік үштігіне жақындады
-
21:52, 13 қараша 2024
Есірткі заттарының ірі партиясын сақтаған машинист ұсталды
-
21:25, 13 қараша 2024
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Эстониядағы туринирдің қысқа бағдарламасында үшінші орын алды
-
20:56, 13 қараша 2024
Алматыда, Астанада, Шымкентте және 15 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
20:15, 13 қараша 2024
Көкшетауда заңсыз кальян ұсынған дәмханалар анықталды