Астанада Кипр президентін қарсы алу рәсімі өтті
© Сурет: akorda.kz
Бүгін, 2026 жылғы 3 маусымда Тәуелсіздік сарайында елімізге ресми сапармен келген Кипр Республикасының президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Іс-шара аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никос Христодулидис бір біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң Қазақстан мен Кипрдің әнұрандары шырқалды.
Бұған дейін жазғанымыздай, 3 маусым күні өтетін келіссөздер барысында президенттер сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарға басымдық беретін екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективасын талқылайды. Сондай-ақ бірқатар құжатқа қол қою жоспарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:40, 3 маусым 2026
Никос Христодулидис өзі ұшып келген жолаушылар рейсі жайлы пікір білдірді
-
12:27, 3 маусым 2026
Рақымшылық жасалған қылмыскерлер тағы да заң бұзды – ҚАЖК
-
12:12, 3 маусым 2026
Перизат Қайрат пен Қуандық Бишімбаев рақымшылыққа ілігуі мүмкін бе
-
11:59, 3 маусым 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Кипр президентін қалай қарсы алды
-
11:50, 3 маусым 2026
3 маусымдағы Астана, Алматы және Шымкент айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы





