Астанада қар жауады

11:16, 23 қазан 2026
MKZ: 1573948

© Фото: Zakon.kz

"Қазгидромет" РМК мамандары Астана бойынша бүгінге, 2026 жылғы 23 қазанға арналған ауа райы болжамына түзету енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін жұма күні елордада жауын-шашын болмайтыны хабарланған еді. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен секундына 7–12 метр жылдамдықпен жел соғып, ауа температурасы түнде −2…−4°С, күндіз 0…+2°С болады деп болжанған.

"Астанада 23 қазанда көшпелі бұлт шығады. Таңертең және күннің бірінші жартысында аздаған жауын-шашын, көбіне қар жауады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен секундына 9–14 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы 0…+2°С болады", – деп нақтылады синоптиктер.

Қазақстанда 2026–2027 жылғы қыста ауа райы қандай болатынын сілтеме арқылы білуге болады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!