Арарат тауы маңында жер астын зерттейтін робот іске қосылды
© Сурет: magnific
Түркиядағы Арарат тауы маңынан Киелі кітапта айтылатын Нұх кемесін іздеу жұмыстары жаңа кезеңге өтті. Радар арқылы анықталған аномалияларды зерттеу үшін кеме пішініне ұқсайтын Дурупынар геологиялық құрылымында жер астын барлайтын робот іске қосылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Geekweek Interia басылымының дерегінше, Түркиядағы ең биік тау саналатын Арарат Нұх кемесі осы маңға тоқтаған деген аңызға байланысты көп жылдан бері зерттеушілердің назарын аударып келеді.
Алайда бұл тұжырымдарды растайтын нақты ғылыми дәлелдер жоқ. Соған қарамастан, зерттеушілер аймақтағы геологиялық құрылымдарды зерттеуді жалғастырып жатыр.
Ең көп қызығушылық тудырған нысан – кеме корпусына ұқсайтын Дурупынар құрылымы. Оны алғаш рет 1959 жылы түрік капитаны әрі картографы Илхан Дурупынар НАТО үшін осы аумақты әуеден суретке түсіру кезінде байқаған.
Қазір ғалымдар бұл құрылымның нақты не екенін анықтауға тырысып жатыр. Жақында мұнда терең бұрғылау жұмыстары жүргізіліп, геологиялық үлгілер алынды. Сонымен қатар жер астын зерттейтін робот пайдалануға берілді.
Gopher деп аталатын роботты Австралиядағы Ла-Троб университетінің докторы Роберт Росс әзірлеген. Ол зерттеліп жатқан аумақта бұрғылау жұмыстарын жүргізіп, геологиялық үлгілер жинайтын халықаралық зерттеу тобына көмектеседі.
Gopher – су өткізбейтін кең бұрышты камералармен және датчиктермен жабдықталған шағын қашықтан басқарылатын құрылғы. Ол адам бара алмайтын жерлерден жер бетінен 25 метрге дейінгі тереңдікте деректер жинауға мүмкіндік береді.
Робот жер астында қозғалып, бұған дейін радарлар анықтаған қуыстар мен басқа да аномалияларды зерттейді. Зерттеушілер бұл аумақтарда геологиялық құрылымның ішінде "бөлмелер" немесе "дәліздер" болуы мүмкін деп болжайды.
Алдағы қыс айларында ғалымдар жиналған деректерді талдауға басымдық бермек.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:02, 23 қазан 2026
Әскерден грантпен оралған сарбаз IT мамандығын меңгеріп жатыр
-
13:00, 23 қазан 2026
Чернобыльде сілеусін фототұзаққа түсіп қалды
-
12:52, 23 қазан 2026
Ақордада Тоқаевтың қатысуымен мемлекеттік наградаларды тапсыру рәсімі өтеді
-
12:49, 23 қазан 2026
«Есіл бір түнде қатты тартылып қалған»: Астана әкімдігі себебін түсіндірді
-
12:38, 23 қазан 2026
Мысыр қазақстандық туристердің елге кіру шарттарын жеңілдетпек





