Астанада кабель ұрлаған күдіктілер қолға түсті

17:10, 27 маусым 2024

© Сурет: polisia.kz

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Байқоңыр аудандық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар Астананың екі тұрғынын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күдіктілер кешкі уақытта қоймаға кіріп, кабельді жасырын ұрлап, 250 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Олардың ұрланған кабельді бірден металл жинау орнына өткізіп жібергені де белгілі болған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған күдіктілердің бірі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!