Астанада газ жарылып, әкімшілік ғимараттың панелі опырылып түсті

10:14, 7 шілде 2024

© Сурет: freepik

Астананың Есіл ауданында әкімшілік ғимаратына жапсарлас тұрған қазандық өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖМ күштері шақырту түскен сәттен бастап 15 минут ішінде өртті сөндірді.


"Қазандықта 5 ш.м. алаңда өрт шығып, кейіннен 100 ш.м. алаңда панельдер құлаған". Төтенше жағдайлар министрлігі

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!