Астанада фитнес клуб өртенді

10:28, 19 наурыз 2024

© Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Астанада бүгін, 2024 жылдың 19 наурызында фитнес-клубтардың бірінде өрт болды. Елордалық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өртті бір сағатқа жетпей ауыздықтаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

19 наурыз күні сағат 08-50-де Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Байтұрсынов көшесі 9 мекен-жайына шықты.

"Өрт сөндірушілер келгеннен кейін 20 шаршы метр аумақта фитнес-клубтың бу бөлмесінің ағаш қаптамасының өртеніп жатқаны анықталды. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін 40-қа жуық келуші өз бетінше шықты." ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Сағат 09.26-да өрт сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!