Астанада электр қуаты қымбаттайды

10:49, 5 мамыр 2026

© Фото: Zakon.kz

Елордалықтар келесі айдан бастап жарық үшін қымбатырақ төлем жасауы мүмкін. Астанада 2030-ға дейін электр қуатының жаңа тарифі бекітілді. Сәйкесінше, баға да кезең-кезеңімен өсіп отырмақ, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК мәліметіне сүйенсек, бағаның өсірілуі электр желілерін жаңғырту және жүйеге түсетін жүктеменің артуымен түсіндіріліп отыр.

Биыл инфрақұрылымды жаңарту мен дамытуға 7 миллиард теңгеден астам қаржы бөлу жоспарланған. Бұл қаражат ескірген жабдықтарды ауыстыруға, жүйені цифрландыруға және басқа да жұмысқа жұмсалмақ.

Мамандардың айтуынша, аталмыш бағдарлама апат санын азайтып, жүйенің тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді.

Бұған дейін Қазақстанда мерекелер мен атаулы күндерге арналған біржолғы төлемдердің ең төменгі мөлшері белгіленгенін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!