Астанада бетон қалдықтарын заңсыз төккен азаматқа қатысты әкімшілік жаза қолданылды

12:26, 24 қыркүйек 2024

© Фото: Zakon.kz

Shacman бетон араластырғыш көлігінің жүргізушісі Тынышбаев көшесінде бетон қалдықтарын рұқсатсыз төгуге жол берді.

Шламды ағызып жатқаны бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік жаза қолданылды.

"Таза Қазақстан" акциясын өткізу кезеңінде қоқысты заңсыз шығару, жалпы пайдалану орындарының ластануы және абаттандыру қағидаларын өзге де бұзу фактілері бойынша 16 мыңнан астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Күн сайын полицейлер рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің пайда болуына бейім орындарда рейдтік іс-шаралар жүргізеді.

"Іkomek-109" бірыңғай анықтамалық қызметімен өзара іс-қимыл жасай отырып, белгіленбеген орындарда қоқыстарды түсіруді және ағынды суларды төгуді жүзеге асыратын тұлғаларды анықтау бойынша мақсатты жұмыс жүргізіледі.

Акция басталғаннан бері 230-дан астам жүк және ассенизаторлық көлік жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!